«ТОП Лтд» компаниясы 2003 жылы құрылды. Негізгі қызмет түрі — азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, магистральдық және ішкі инженерлік желілер мен коммуникацияларды салу.
«ТОП Лтд» ЖШС-нің Қаскелең қаласында өз өндірістік базасы және Алматы қаласында кеңсесі бар. Компания қызметкерлерінің саны — 250 адам. Компанияда құрылыс-монтаж жұмыстарына және жобалау қызметіне берілген бірінші санатты мемлекеттік лицензиялар бар.
Компанияда заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған, жобалау жұмыстарының барлық бөлімдерін қамтитын 15 адамнан тұратын тәжірибелі жобалау тобы жұмыс істейді. Құрылыс барысында ол тапсырыс берушілерден алынған жобалық-сметалық құжаттаманы бейімдейді, түзетеді және құрылыс-монтаж жұмыстарын сүйемелдейді.
Компанияның Қазақстан Республикасының 4 кен орнында уран өндіру зауыттарын, сондай-ақ темір жол инфрақұрылымы объектілерін салу тәжірибесі бар. Компанияның бюджет, жеткізушілер және қосалқы мердігер ұйымдар алдында берешегі жоқ, ForteBank-те кредит желісі бар және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде қаржылық кепілдік береді.
Ұзындығы 50 км-ден астам инженерлік желілер, 12 сорғы станциясы мен КСС, жалпы көлемі 6 000 м³-ден асатын 12 құрама және монолитті резервуар, буландырғыш тоғандар, жинақтағыш тоғандар, шламөткізгіштер мен тазарту құрылыстарын салу.
Астана қаласындағы ҚТЖ қызметкерлеріне арналған жалпы алаңы 20 000 м²-ден астам оқу орталығы.
Астана қаласындағы көмекші ғимараттар мен құрылыстардың толық кешені бар аффинаж зауыты.
Алматы қаласындағы шаңғы спорт түрлеріне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «ҚТЖ» ҰК АҚ объектілеріндегі инженерлік желілер (Шалқар — Бейнеу желісінің учаскесі), «Қорғас — Шығыс қақпа» АЭА.
«Имсталькон-Теміртау» ЖШС үшін Жайрем ТБК-дегі қосалқы мердігерлік жұмыстар, шламдарды қайта өңдейтін байыту фабрикасын салу (Дон ТБК), «RGGold» ЖШС учаскесіндегі магистральдық пульпа құбырлары («Райгородок» кен орны).
«Қорғас» АЭА АҚ аумағындағы екі бөлек тұрған қойма корпусы.
«Жолымбет» байыту фабрикасын жаңғырту кезінде диаметрі 355–400 мм, ұзындығы 11 000 м магистральдық пульпа құбырлары.
Директор
Құрылыс жөніндегі директордың орынбасары
Қаржы жөніндегі директордың орынбасары