Қазақстан, Алматы қаласы, 050020, Достық даңғылы 310 В
Қазақстан, Алматы қаласы, 050020, Достық даңғылы 310 В
Қазақстан, Алматы қаласы, 050020, Достық даңғылы 310 В
Компания қызметінің негізгі түріне азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, магистралды және ішкі инженерлік желілер мен коммуникация жүйелерін салу жатады.
«ТОП Лтд» компаниясы 2003 жылы құрылған. Компанияның Қаскелең қаласында орналасқан өзінің өндірістік базасы және Алматы қаласында кеңсесі бар. Компания қызметкерлерінің саны – 250 адам. «ТОП Лтд» ЖШС 01.04.2014 ж. бастап ҚМЖ жүргізуге рұқсат беретін I санаттағы № 14004366 лицензияға ие, 01.04.2014 ж. бастап жобалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беретін I санаттағы лицензияға ие.
«ТОП Лтд» ЖШС 15 адамнан тұратын заманауи құрал жабдықтармен және компьютерлік бағдарламамен жарақтандырылған жобалаудың барлық кезеңдерін қамтитын тәжірибелі жобалау тобы бар. Бұл топ құрылыс кезінде Тапсырыс берушіден алған жобалық-сметалық құжаттарды икемдеп, түзетеді, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын сүйемелдеумен де айналысады.
«ТОП Лтд» ЖШС ҚР 4 кен орнында уран өндіретін зауыт салу тәжірибесі бар, солардың ішінде Қиыпшық теміржол стансасында теміржол объектілерінің құрылысын салу мен Қызылту кен орнына апаратын жол салу тәжірибесі де бар. 2011 мен 2016 жж. аралығында 250 шақырымнан асатын инженерлік желілер салу, 32 сорап стансалары мен КСС, жалпы көлемі16 000 м3 асатын 22 жиналмалы және біртұтас резервуарлар құрылысы, суды буландыруға арналған әуіттер, су жинауға арналған әуіттер, қоқыр жинағыштар, тазартқыш ғимараттар салынды. 2012 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары арасында Астана қаласында ҚТЖ ҰК қзметкерлеріне аналған жалпы ауданы 20 000 м2 асатын оқу орталығының құрылысы салынды. 2013 жылы Астана қаласында қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың толық кешенін қоса алғанда Аффинаж зауытын салу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы Семей қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы, Алматы қаласында шаңғы стадионның құрылысы, «ҚТЖ» АҚ инженерлік желілердің құрылысы, атап айтқанда Шалқар-Бейнеу темір жол бөлігінде, "Қорғас-Шығыс қақпа" АЭА.
Компания өзінің білікті мамандарының, техникалық жарақтануының және технологиялық мәдениетінің арқасында өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында сенімді серіктес атағына ие болып келеді.